04.11.2019, 16:27 11763

"Жас сахна" театрында Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" атты шығармасының негізіндегі қойылымның тұсаукесері өтті

Қазақ тілінде өткен "Жәмилә" қойылымының тұсаукесерін жазушының отбасы мүшелері, нақтырақ айтқанда оның ұлы - Эльдар Айтматов тамашалады. Ол - Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық қордың президенті болып табылады. Көрермендер бұл қойылымды 2, 17 және 29-шы қараша күндері тамашалай алады.

Нұр-Сұлтан. 4 қараша. Kazakhstan Today - Б. Омаров атындағы "Жас сахна" театрында Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" атты шығармасының негізіндегі қойылымның тұсаукесері өтті.

Алматыдағы Бәйтен Омаров атындағы "Жас Сахна" театрының жаңа маусымы Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" атты шығармасының негізіндегі қойылымнан басталды. Бұл - жазушының атақты шығармаларының бірі.

"Жәмилә" туралы оқиғаны "Жас сахна" театрының қойылымдар қатарына қосуды жас режиссер Ұланмырза Қарыпбаев ұсынды. Бұл оның Ұлы жазушының шығармаларына қойған екінші қойылымы. Жас режиссер басқа да қойылымдарымен танымал және қазір ол Санкт-Петербургтегі Ресей Мемлекеттік Институтының сахна өнерінде Геннадий Тростянецкийдің шеберханасында режиссурадан дәріс алып жүр.

"Жаныма пәк сезім сыйлау үшін, оны тазалау үшін мен Айтматовтың шығармаларына жүгінемін. Біздің қойылым - ол уақытқа тәуелсіз батылдық туралы, махаббат үшін көп нәрсені құрбан ету жайындағы оқиға. Менің ойымша, мықты әйелдің кейіпі және оның өмірлік жолын өзі таңдай білуі - қазіргі таңдағы өзекті тақырыптың бірі" ,- деп Ұланмырза Қарыпбаев айтты.

"Жәмилә" - бұл тұрақтанған салт-дәстүрге қарсы шығып, өз арманын қуалаған жас келіншектің күрделі махаббаты жайындағы оқиға. Махаббат - оның өміріндегі ең қиын сын болып шығады. Бастапқыда Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" туындысы "Обон", яғни "Әуен" (Мелодия) деп аталатын. Расында да, бұл қойылымдағы әуен - бүкіл мән-мағынаны ашатын элемент болып табылады.

"Жәмилә - көңілді, сұлу, мықты тұлға, сол себептен шығар оның басынан осындай қиыншылықтар өтеді. Мен үшін Жәмиләның рөлін сомдау - үлкен актерлық сәттілік деп білемін. Оның мінезін зерттеп, түсініп, махаббат пен міндет арасындағы қиын шешім қабылдаудағы Жәмиләның қаншалықты мықты екенін сезіну мүмкіндігі туды" - дейді басты рөлді сомдаған Ақниет Орынтай.

Қазақ тілінде өткен "Жәмилә" қойылымының тұсаукесерін жазушының отбасы мүшелері, нақтырақ айтқанда оның ұлы - Эльдар Айтматов тамашалады. Ол - Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық қордың президенті болып табылады. Көрермендер бұл қойылымды 2, 17 және 29-шы қараша күндері тамашалай алады.

"Жас Сахна" театрын атақты Қазақстандық театр режиссеры, кино актеры, ұстаз - Омаров Бәйтен Уәлиханұлы құрды. Оның қоржынында 100-ден астам театралдық қойылым жиналған. Қазір Қазақстандық "Жас сахна" театрында әр түрлі мемлекеттің режиссерлары өздерінің шығармашылық шабыттарын жүзеге асырып, актерлардың жаңа буыны мен орындаушыларды тәрбиелеп жүр. "Жас сахна" театры - әрдайым халықаралық театралдық фестивальдардың қатысушысы болып жүр. 2015 жылы "Одноклассники. Уроки жизни" қойылымы және "Лавина" қойылымы Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық фестивалінде Гран-При жүлдесіне ие болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны