05.11.2019, 15:14 2903

Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жалпы салмағы 400 кг қара икра мен бекіре балықтарын заңсыз алып өтпек болған

Ұсталған тауардың алдын ала болжамды бағасы бағасы 156 000 000 теңгені құрайды.

Нұр-Сұлтан. 5 қараша. Kazakhstan Today - Шекарашылар өткен тәулікте 400 кг қара икра, декларцияланбаған валюта және тотықұс алып өтпек болғандардың жолын кесті.

"Жайсан" өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында 1990 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Себебі ол Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жалпы салмағы 400 кг қара икра мен бекіре балықтарын заңсыз алып өтпек болған. Ұсталған тауардың алдын ала болжамды бағасы бағасы 156 000 000 теңгені құрайды.

Құқықбұзушы бағалы жүкті жеміс-жидек ретінде бананның қорабына салып қапшықтағы күріштердің, мейіздер мен арахистардың астына жасырып алып өтуге тырысқан. Алайда, қырағы шекарашыларды алдай алмады.

Ұсталған азамат жүгімен бірге Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тиісті іс-шаралар өткізу үшін тапсырылды.

Қорғас шекарашылары өткен тәулікте "Қорғас" ШЫХО арқылы Қазақстан Республикасынан жалпы сомасы 9 154 000 теңге валютаны заңсыз алып өтпек болған екі оқиғаның куәсі болды. Екеуі де Қазақстан азаматтары 1973 жылғы туған ер адам мен 1974 жылғы туған әйел адам. "Алтынкөл" кедендік бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Бейнеу шекарашылары "Мәскеу - Душанбе" бағытындағы № 330 пойызда 4 тотықұсты шекара арқылы заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Тоты құстардың иесі 22 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Тоты құстар ҚР АШМ Бейнеу аудандық ветеринарлық бақылау мамандарына тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны