07.11.2019, 21:18 7776

Алматы қаласында жыл сайынғы Еуропа кинофестивалі өтті

Биыл көрермендер назарына мәртебелі халықаралық жүлдегерлер қатарындағы Еуропа елдерінің 16 үздік кинофильмдері ұсынылды.

Нұр-Сұлтан. 7 қараша. Kazakhstan Today - 5-7 қараша аралығында Алматы қаласында жыл сайынғы Еуропа кинофестивалі өтті.

Биыл көрермендер назарына мәртебелі халықаралық жүлдегерлер қатарындағы Еуропа елдерінің 16 үздік кинофильмдері ұсынылды. Сонымен қатар фестиваль барысында танымал еуропалық режиссерлер атынан арнайы мастер-класс пен баспасөз кездесулері ұйымдастырылды.

Кино туындылары арасында түрлі жанрдағы халықаралық марапаттардың жүлдегерлері бар, атап айтқанда, үш "Сезар" сыйлығының жүлдегері - "Кішкентай фермер" (Bloody Milk), "Давид ди Донателло" сыйлығының иегері - "Чамбра" (A Ciambra), "Үміт айыбы" (The Vice of Hope) фильмдері, Канн фестивалінің сыншылар аптасының Гран-при иегері - "Диамантино" (Diamantino), Локарно кинофестивалінің әділқазы алқаларының арнайы сыйлық жүлдегері - "Рэй мен Лиз" (Ray & Liz), Венеция кинофестивалінің "Үздік актер" номинациясының жүлдегері- "Әулие Георгий" (Saint George), Карловы Вары кинофестивалінің "Үздік режиссер" номинациясының жүлдегері - "Шек" (The Line) , "Қысқы шыбын-шіркей" (Winter Flies) және Бухарест, Словения, Словакия, Монреаль, Токио, және Сандэнс кинофестивальдарының бірқатар сыйлықтар иегерлері.

5 қараша күні фестивальді Берлин кинофестивалі мен Латвияның ұлттық кинофестивалінің жүлдегері, режиссер Ренарс Вимбаның "Мен осындамын" кинотуындысы ашты. Бұл фильм көші-қон, отбасы, қоғам, өсіп-есею мен табиғат жайлы оқиғаны баяндайды.

Фестиваль шеңберінде 6 қараша күні Еуропаның көрнекті кинорежиссерлері - латвиялық Ренарс Вимба мен бельгиялық Каролин Тирион арнайы мастер-класс берді. Олар мастер-класс қатысушыларына өздерінің жүлдегер туындыларын ұсынып, фильм шығару, питчинг, және деректі фильм түсіру бойынша кеңестер мен тәжірибесімен бөлісті.

Фестивальді 7 қараша күні Каролин Тирионның "Мбудха: шимпанзе ізімен" деректі фильмі тамамдады. Фильмде Энн Лодисуаның қорғауға алуға тиіс бай әрі сирек биологиялық саналуандылық туралы мағлұмат жинау мақсатымен Конго Демократиялық Республикасына жасалған экспедициясы көрсетілген.

5 қараша күні Фестивальдің ашылуына орай баспасөз конференцияға Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон, режиссер Ренарс Вимба (Латвия), режисер Каролин Тирион (Бельгия), Энн Лодисуа ("Мбудха" фильмінің бас кейіпкері) қатысты.

Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны