14.11.2019, 19:10 11148

Қостанай облысындағы Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды

Олар 722 000 теңге сомасына костюмдерді тігу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін әзірлеп, оған қол қою жолымен қызметтік жалғандық және бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Қостанай облысындағы Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйі" ММ-нің басшысы Жандыбаева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Мощенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар 722 000 теңге сомасына костюмдерді тігу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін әзірлеп, оған қол қою жолымен қызметтік жалғандық және бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Таранов аудандық сотының үкімімен Жандыбаева Б.К. кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбестен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды; Мощенко В.А. мүлкін тәркілеусіз 2 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу қою жазасына кесілді.

Сотталушылар мемлекеттік мекемеде лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны