21.11.2019, 15:33 25274

Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған саясатына қанағаттанушылық деңгейі төмен

Оның нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 82,5%-ы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған саясатына қанағаттанушылық деңгейі, оның ішінде мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі төмендеді деп санайды.

Орал. 21 қараша. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының әкімдігінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәметтің мемлекеттік қызметкерлермен, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдерімен кездесуі болып өтті.

Іс-шарада "Transparensy International Kazakhstan" қоғамдық қорының Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық ахуалына жүргізген мониторингтік тексеруінің нәтижелері талқыланды.

Оның нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 82,5%-ы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған саясатына қанағаттанушылық деңгейі, оның ішінде мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі төмендеді деп санайды. Бұл ретте, жергілікті тұрғындардың пікірінше, мемлекеттік қызметтерді алған кезде мәселені параның жолымен шешу туралы бастаманы азаматтардың өздері көтереді деп 68,4%-ы санайды. Бұл халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында мемлекет қолданып жатқан шаралар туралы хабардарлық деңгейінің төмендігін көрсетеді, деп санайды Нұрдәулет Сәмет.

Осыған байланысты аудан әкіміне азаматтарды қабылдауды жиі жүргізіп отыру, халыққа жиі есеп беру, ашық есік күндерін өткізу, пара беру үшін жүктелетін жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіру туралы нұсқау берілді.

Кейбір ауылдық округтердің аудан орталығынан шалғайлығын ескере келе, халықтың тиісті түрде хабардар болуын қамтамасыз ете отырып жүйелі түрде интернет-конференциялар өткізіп отыру ұсынылды.

Сонымен бірге әкімдіктің жанындағы коллегиялық органдарға, жұмыс топтары мен комиссияларға, өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ауданның ауылдық округтерінің бұқара өкілдері мен БАҚ өкілдерін кеңінен тартуға нұсқау берілді. Әкім аппаратына тиісті тапсырмалар жүктелді. Сөз соңында Нұрдәулет Сәмет ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізгі жұмыс бағыттарына тоқтала келе, қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, азаматтар мен мемлекетіміздің мүддесіне қызмет етуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны