26.11.2019, 12:31 13693

Елордада Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы еңбектің тұсаукесері өтті

Туынды Қазақстанның егемендік алуының тарихи үдерісіне, тәуелсіздіктің бағаналы тірегі болған жеке институттардың қалыптасуы мен жетілуіне арналған.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - Назарбаев орталығында "Қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы (түпнұсқа)" кітабының тұсаукесері өтті.

Туынды Қазақстанның егемендік алуының тарихи үдерісіне, тәуелсіздіктің бағаналы тірегі болған жеке институттардың қалыптасуы мен жетілуіне арналған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен қайта құрулар мен реформаларға тікелей қатысы бар мемлекет және қоғам қайраткерлері кітапты жазуға атсалысты. Кітап сонысымен құнды, сонысымен ерекше.

Бұлар Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы онжылдығында Тұңғыш Президентпен бірге мемлекеттің маңызды институттары мен салаларын құру және дамыту жолында еңбек еткендер. Бұл еңбек арқылы оқырман егемен Қазақстанның даму кезеңдері, Елбасының идеялары мен нұсқауларының қалай жүзеге асқаны туралы біле алады.

Салтанатты рәсімде сөз алған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов "Кітап тарихшылар, ғалымдар мен саясаттанушылар үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады. Сонымен қатар, кітаптың жас ұрпақ үшін ерекше маңызы бар деп санаймын. Ел тәуелсіздігінің алғашқы онжылдығында қандай кезеңдерді бастан өткергенін, жаңа әлемде жаңа Қазақстанды құруда Елбасының қандай іргелі ұстанымдар мен көзқарастарды басшылыққа алғанын жастар білуі тиіс. Осылайша, жастардың кітапты оқуы туған өлкенің тарихын білуге, оны насихаттауға, жастар арасында патриотизмді нығайтуға ықпал етеді. Бүгін тұсауы кесілген еңбектің басты құндылығы осында жатса керек", - деп ағынан жарылды.Толымды туынды туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми де тұшымды пікір білдірді. Бұл ретте, ол елдегі реформаларға қатысқан адамдардың кітап жазудағы маңыздылығын былайша атады: "Ұлы Наполеонның сөздері бар: "Біз тарихшылар көшіріп жазатын тарихты жазамыз. Бұған жол бермеу үшін тарихты дер кезінде байытып отыру керек".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны