26.11.2019, 13:09 14116

Алматының Медеу ауданында "Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазіргі уақытта Медеу ауданында 3498 мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Оның ішінде 16 жасқа дейінгілер - 608, 1 топтағылар - 370, 2 топтағылар - 1450, 3 топтағылар - 1070.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - Алматының Медеу ауданында "Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазіргі уақытта Медеу ауданында 3498 мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Оның ішінде 16 жасқа дейінгілер - 608, 1 топтағылар - 370, 2 топтағылар - 1450, 3 топтағылар - 1070.

Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады және мүгедектерге оңалту құралдары мен қызметтерін тікелей жеткізушілерден дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Мемлекет техникалық жабдықтар мен қалпына келтіру қызметтерінің құнын өтеу тетігін ұсынады. Портал тұтынушы қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлем жасау мүмкіндігін ұсынады.Сол себепті, мүмкіндігі шектеулі жандар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдарының 55 түрінің 24-іне және мемлекеттік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс беру және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Портал іске қосылады.

Сондай-ақ, порталда 2020 жылдың көктемінде жеке көмекші мен ымдау маманының, санаторлық-курорттық емдеу қызметін алу мүмкіндігі қарастырылған. Порталдың іске асырылуы ұсынылатын қалпына келтіру қондырғылары мен қызметтерінің сапасын жақсартады, оларды қабылдау уақыты мен мақсаттарын қысқартады, қаражат пен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтайды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу, оларға қамқорлық көрсету - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бұл ретте мемлекеттік органдарға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен жұмысты күшейткені маңызды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны