01.12.2019, 16:16 1897

Татарстан Республикасы мен Қазақстан арасындағы ұлтаралық келісім жайы талқыланды

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайы мен ҚХА этномәдени бірлестіктердің жұмысы таныстырылып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында екіжақты байланыстарды нығайту және кеңейту мәселері талқыланды.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 27 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаевтың Татарстан Республикасы мемлекеттік кеңес төрайымы Ф.Мухаметшинамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты келіссөздер мен бірлікті нығайту негізі, сондай-ақ Татарстан Республикасы мен Қазақстан арасындағы ұлтаралық келісім сөз етілді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайы мен ҚХА этномәдени бірлестіктердің жұмысы таныстырылып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында екіжақты байланыстарды нығайту және кеңейту мәселері талқыланды.

Қазақстанда 201,5 мың татар тұрады.

2017 жылғы 25 сәуірден бастап барлық татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері "Татарлар мен башқұрттардың қазақстандық конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігіне біріктірілді.

Басқарма төрағасы болып бес жыл мерзімге - Каримов Тауфик Акрамович сайланды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны