01.12.2019, 16:30 3632

Шонжы шекара жасағы заңсыз аң аулап жүрген екі азаматты ұстады

Ұсталғандар қару-жарақпен бірге Ұйғыр аудандық ПБ-ға тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметі.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шонжы шекара жасағы А. Онопко атындағы шекара заставасының учаскесінде заңсыз аң аулап жүрген 1969 жылғы туған және 1971 жылғы туған ҚР екі азаматты ұстады. Аң аулауға рұқсат беретін құжаттары болған жоқ. Олардан 12 калибрлі Ремингтон 870 EXPRESS Magnum маркалы екі қару-жарақ және оның оқ-дәрілері тәркіленді.

Ұсталғандар қару-жарақпен бірге Ұйғыр аудандық ПБ-ға тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны