01.12.2019, 16:39 2059

Тұңғыш Президент күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына тегін экскурсия жүргізіледі

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Тұңғыш Президент күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына тегін экскурсия жүргізіледі.

30 қараша мен 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орай қала тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" екі қабатты экскурсиялық автобустарында басты көрікті орындардың қасынан бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және "Астана-Бәйтерек" монументінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек.

Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді. Автобустардың қозғалыс кестесі: "AiLand" аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.00 (орыс тілінде); - сағ. 12.10 (қазақ тілінде); - сағ. 14.30 (орыс тілінде); - сағ. 16.40 (қазақ тілінде); - сағ. 18.50 (орыс тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады: "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы, "Нұр-Әлем" сферасы, Ұлттық Музей, "Астана Бәйтерек" монументі және"AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығы. "Астана Бәйтерек" монументі аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.30 (қазақ тілінде); - сағ. 12.40 (орыс тілінде); - сағ. 15.00 (қазақ тілінде); - сағ. 17.10 (орыс тілінде); - сағ. 19.20 (қазақ тілінде). Ары қарай келесі аялдамалар болады: "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы. "Нұр-Әлем" сферасы, Ұлттық Музей және "Астана Бәйтерек" монументі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны