01.12.2019, 18:11 26550

Елордада Тұңғыш Президент күні қалай тойланады?

Осы күні "Астана-Бәйтерек" монументінде аудиодескриптері бар аудиодескриптері немесе көру бойынша мүгедектерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрнекі ақпараттардың тілдік сипаттамасы бар аудиогидтер таныстырылады.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - 1 желтоқсанда Қазақстанда Тұңғыш Президент күні атап өтіледі. Елордада осы мерекеге орай Елбасының жас мемлекеттің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі туралы баяндайтын бірқатар салтанатты іс-шаралар, дәрістер, концерттер, көрмелер өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

25 қараша мен 1 желтоқсан аралығында елорданың барлық мектептерінде "Ұлт мақтанышы - Президент" тақырыбында дәрістер өтеді.

26 қараша күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Елбасы және ел мұраты: тұрақтылық, жасампаздық, сабақтастық" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның мақсаты: жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, қоғамдық-саяси қызметті және әлемдік деңгейдегі ірі саясаткер Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерін насихаттау.

Сонымен қатар, қала мектептері мен Қосшы кентінің кітапханасында 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында "Президент күніне арналған "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" атты ашық сабақ өтеді.

Бірнеше күн бойы 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасында оқушылар үшін "Брейн-ринг" зияткерлік ойыны форматында "Бір шаңырақ астында" атты музейлік сабақ ұйымдастырылады.

Ал "Алжир" мемориалды-мұражай кешенінің ұжымы 28 қараша күні "Зерде" залында өтетін "Елбасы жолымен" атты іс-шараға шақырады. Бағдарламада Ақмол ауылының № 5 ОМ оқушыларының қатысуымен концерт өткізіледі.

Отбасымен уақыт өткізу үшін 28 қараша күні сағат 12:00-де "Астана" концерт залында орыс тілінде, ал сағат 15:00-де қазақ тілдерінде тарихи анимациялық "Күлтегін" мультфильмін тамашалауға болады. Күндіз осы концерт залда, сол уақытта "Мұз бала" мультфильмі көрсетіледі.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған бірқатар іс-шаралар 29 қарашада өтеді.

Осы күні №4 балалар кітапханасында "Тұнғыш Президент - ел мақтанышы" атты көрме - портрет ашылады. Ал № 1 кітапханада "Ел тірегі - Елбасы" тақырыбында әңгіме-шолу өтеді. Сағат 15: 00-де елордалық №4 мектепте "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" атты іс-шара өтеді. Сағат 11:00-де Сәкен Сейфуллин мұражайында "Елбасы-ел мерейі" атты жас ақындармен кездесу ұйымдастырылады. Сондай-ақ, музейде 1-5 желтоқсан аралығында "Елбасы - Ел мақтанышы" көрмесі өтеді.

Сағат 15.00-де "Nomad City Hall" залында "Елбасы жолы" киноэпопеясының "От-өзен" көркем фильмінің көрсетілімі өтеді.

Сағат 18.00-де "Наз" мемлекеттік театрының "Мәңгілік елдің бағыттары, Елбасы бастаған нұрлы жол" атты концерті өтеді.

Сонымен қатар, осы күні қаланың барлық мектептерінде "Тәуелсіздіктің нұры - Тұңғыш Президент" атты бірыңғай ашық сабақ өткізіледі.

1 желтоқсанда елорданың мәдениет мекемелері қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік бағдарлама дайындады.

Қуыршақ театры "Арыстан патша" мюзиклін көруге шақырады. Бұл күні бірден үш қойылым көрсетіледі - сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де. Елордалық циркте сағат 16: 00-де цирк әртістері мен Contrast би ұжымының қатысуымен дивертисментке қонақ ұсынылады. Бір сағаттан кейін "Жастар" сарайына барып, "День ангела" атты қайырымдылық қойылымын тамашалауға болады.

Осы уақытта "Астана" концерт залында "Тарих толқынында" атты концерт өтеді.

Сағат 18:30-да "Nomad City Hall" театры "Қош, махаббат" мелодрамасының көрсетілімін ұйымдастырса, ал Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры "Шәмші" спектаклін қояды.

2 желтоқсан күні "Жастар" сарайында мереке құрметіне "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында елордалық аула клубтарының "Таланттар шеруі" фестивалі өтеді. Осы күні "Астана-Бәйтерек" монументінде аудиодескриптері бар аудиодескриптері немесе көру бойынша мүгедектерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрнекі ақпараттардың тілдік сипаттамасы бар аудиогидтер таныстырылады.

Сонымен қатар, бір ай ішінде Нұр-Сұлтанда Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі тақырыбына арналған түрлі көрмелер жұмысы өтеді.

Осылайша, Тәуелсіздік сарайында 30 қараша мен 30 желтоқсан аралығында "Елбасы арманы - асқақ Нұр-Султан"атты фотокөрмені тамашалауға болады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында №5 бұқаралық кітапханада "Елін сүйген, ел сүйген Елбасы" атты көрме-панорама, мамандандырылған кітапханада - "Елбасы және оның саяси тұлғасы" фотокөрмесі, №15 бұқаралық кітапханада - "Елбасы" виртуалды көрмесі, ОКЖ кітапханаларында - "Елбасы елімнің тірегі"; "Нұрсұлтан Назарбаев-человек, политик, лидер!"; "Менің тұңғыш Президентім"; "Еліміздің ертеңін ойлаған көшбасшы", "Елің танытқан - Елбасы" атты кітап көрмелері топтамасы өтеді.

Сонымен қатар, №3 балалар кітапханасында "Дара тұлға-дана тұлға" атты жеке көрме ұйымдастырылады. №2 балалар кітапханасының ұжымы "Елбасы - біздің мақтанышымыз" атты әңгіме - шолу, №10 бұқаралық кітапхана Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылса, №3 бұқаралық кітапхана "Кемел елдің кеменгер басшысы" саяси портреті атты шара өткізіледі.

ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу аясында көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың балаларына, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, спорт секциялары мен аула клубтарының тәрбиеленушілеріне ірі спорттық және мәдени іс-шараларға тегін бару үшін билеттер беріледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны