01.12.2019, 18:47 20463

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты ұсталды

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені ұрлағаны үшін жәрдем берді деп күдікке ілінді.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Стар Тайм" ЖШС-нің коммерциялық директоры - Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты - депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссия мүшесін ұстап, ол Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені ұрлағаны үшін жәрдем берді деп күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Кінәнің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны