01.12.2019, 19:49 38905

Тергеуші мамандығы қашанда сауаттылық пен біліктілікті, төзімділікті талап етеді

Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді аса сақтылықпен құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның ақ пен қарасын айырып, Қазақстан Республикасының заңына сүйене отырып, тергеу амалдарын жүргізеді.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ісіне берік қызылордалық тергеуші. Бүгінгі мақаламыз маңызды қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген тергеушіге арналмақ. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді аса сақтылықпен құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның ақ пен қарасын айырып, Қазақстан Республикасының заңына сүйене отырып, тергеу амалдарын жүргізеді. Осы тұста мамандық таңдағанда қателеспеген жөн. Өйткені тергеуші мамандығы қашанда сауаттылық пен біліктілікті, төзімділікті талап ететіні белгілі. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның ақ пен қарасын айырып, тергеу амалдарын жүргізеді.

Сондықтан, өз қызметінде ақиқат пен шындықты және әділдікті ту еткен жас маман полиция капитаны Отаров Жылқайдар Қалдыбайұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызметін Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан бастап, оқу орынды тәмамдап, Арал ауданының Полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінде тергеуші қызметін атқаруда. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап бөлім басшылығының ұсынысымен аға тергеуші лауазымына тағайындалды. Есепті мерзімде тергеуші Жылқайдар Отаров отыз әр түрлі қылмыстық істерді сотқа жолдаған, оның алтауы - ауыр санаттағы қылмыстық істер .

- Бұл мамандық менің бала кезден арманым болатын. Сондықтан, ешқашан өкінбеймін. Жұмыс болған соң, оның өз қиындықтары болады. Бірақ біз ондай қиындықтарды елемеуге тырысамыз. Қиындықты жеңе білгенде ғана табысқа қол жеткізуге болады емес пе?! Сондықтан біз қашанда қиындықты еңсеріп, тығырықтан жол тауып шығуға тырысамыз. Кейде жауап алу барысында әдетте тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша айыпкерлер жалған жауап беретіні бар. Сондықтан осындайда нақты дәлелдемені ұсыну тәжірибесі кең қолданылады. Сондай - ақ тергеуші өз жұмысында жағымсыз фактілермен жиі кездеседі, сондықтан да эмоцианалды тұрғыдан тұрақты, ұстамды, төзімді болуы тиіс. Тергеуші заңды жақсы меңгеріп, қылмыстық-процестік заңнаманы жақсы білуі және олардың талаптарын сақтауы міндетті, - дейді өз мамандығының қыр-сырын меңгеріп үлгерген жас аға тергеуші.

Жас тергеушінің қырағаттылығы, өзі секілді жастардың писхологиясын жақсы меңгеруі ұрлыққа қатысты бірер тергеу ісін өте сапалы орындап шығуға септігін тигізсе керек. Сөйтіп, көзге түскен ол бүгінде күрделі тергеу істерін де қолға ала бастады. Жастайынан үлкен әкесі, бөлімнің ардагері, ұзақ жылдар тергеу саласын басқарған тәжірибелі маман иесі, отставкадағы полиция подполковнигі Жаңабаев Жалдыбай Отарұлын үлгі тұтқан, Жылқайдар өз қызметін абыроймен атқарып келеді.

Күндіз-түні келген талап-арыздың ақ-қарасын анықтап, кінәліні табуда еңбек ететін Жылқайдар Қалдыбайұлының қызметі қауырт. Сондықтан біз қылмыстық істерді тізбектеу үшін емес, сала қызметкерінің ісіне бақылау жасаған болатынбыз. Жас болса да қызметіне жауапкершілікпен қарайтын Жылқайдар өмірде қарапайым жан. Әрі, отбасылы, ісіне ұқыпты жанның бар арманы өз саласының биігіне көтерілу.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны