01.12.2019, 20:24 33029

Республикалық "Жас Сарбаз" фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Қатысушылар үш номинация бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, вокал, фольклорлы орындаушылар және вокалды-аспаптық ансамбль.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Республикалық "Жас Сарбаз" фестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Елордада Республикалық "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық әндер фестивалі өз мәресіне жетті. Түрлі өңірден келген 300 жас патриоттар өз өнерлерін ортаға салды.

Феставальға "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының, "Жас Ұлан" әскери мектебі мен "Арыстан" мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері, әскери қызметшілердің балалары, "Жас Сарбаз" сыныбында білім алып жатқан оқушылар қатысты.

Қатысушылар үш номинация бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, вокал, фольклорлы орындаушылар және вокалды-аспаптық ансамбль.

"Аспаптық орындау" номинациясында Ақтөбе қаласы Т.Бегелдинов атындағы әскери-патриоттық клубтың "Жас Ұлан" үрмелі оркесторы үздік деп танылса, "Фольклор" номинациясында "Балбырауын" ансамблі, "Вокалдан" Эльзара Кураисова бірінші орынды қанжығасына байлады. Фестивальдің басты сыйлығы, Гран-приға "Арыстан" мамандандырылған лицейінің "Авангард" ансамблі ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар, "Жас Сарбаз" мүсіншелері мен дипломдар табыс етілді. Марапаттау рәсімі мен гала-концертке Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов пен Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.

"Жас Сарбаз" әскери-патриоттық әндер фестивалі жастар арасында патриоттық сезім мен белсенді азаматтық ұстанымға бағыттау, әскери қызметті насихаттау және Қарулы Күштердің имиджін көтеру. Фестиваль дәстүрге айналып, еліміздің творчестволық өмірінде жастар арасында үлкен ықыласқа бөленетіне сенемін",- деді генерал-майор Мұрат Бектанов.

Лауреттардың қатысуымен гала-концерт өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны