01.12.2019, 20:25 32587

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха орталық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырған күдікті деп танылды

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шемонаиха орталық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырған күдікті деп танылды.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының "Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-ның бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол "Халық Банк" АҚ және "Банк Центр Кредит" АҚ-дағы карточкалық шоттарына ақшаны заңсыз аудару арқылы өте үлкен мөлшерде - 92 млн 500 мың теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады., деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны