01.12.2019, 20:30 33880

Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі қаржы бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырған күдікті деп танылды

Ол өзіне негізсіз артық мөлшерде жалақыны есептеп, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі қаржы бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырған күдікті деп танылды.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі" РММ қаржы бөлімінің басшысын әшкереледі.

Ол өзіне негізсіз артық мөлшерде жалақыны есептеп, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны