Система Orphus

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының қызметкері кәсіпкерден 2500 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін күдікті атанды

01.12.2019, 20:43 35398

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының қызметкері парақорлығы үшін күдікке ілінді.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының лицензиялау бөлімінің бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол лауазымды тұлға бола тұра 2-ші санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия беру үшін кәсіпкерден 2500 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін күдікті болды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны