09.12.2019, 16:00 28422

Жамбыл облысында мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық қызметі "Байзақ ауданының білімі бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" ММ директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Жамбыл облысы Байзақ ауданының білім бөлімі" ММ орта мектебінің директоры пара алды деген күдікке ілінді.

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық қызметі "Байзақ ауданының білімі бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" ММ директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол бір азаматтан мектепалды сыныбы мұғалімі лауазымынан бастауыш сынып мұғалімі ретінде ауыстырғаны және жалпы қамқорлығы үшін 90 мың теңге пара алды деп күдіктелуде.

Күдіктінің және қорғаушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтінішхатына және келу туралы міндеттемені алғанына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны