12.12.2019, 13:48 20380

Алматыда ең үздік әлеуметтік роликтер таңдалды

"STOP Экстремизм!" әлеуметтік байқауына еліміздің барлық қалаларынан 100 шақты авторлық бейнероликтер келіп түсті.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда ең үздік әлеуметтік роликтер таңдалды.

"STOP Экстремизм!" әлеуметтік байқауына еліміздің барлық қалаларынан 100 ден астам авторлық бейнероликтер келіп түсті.

Желтоқсан айының 4 жұлдызында Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес аясында "STOP Экстремизм!" әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Басты шараны Алматы қаласының прокуратурасы және "Social Development Center" қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен қазақстандықтар қатысты. Ұсынылған 130 жұмыстың әрқайсысы қоғамды Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмнің таралуындағы өзекті проблемаларына назар аударуға шақырады. Байқаудың жүлде қоры 1 500 000 теңге, ол бес қатысушыға бөлінді. Ең жақсы авторлық жұмыстар келесі номинациялар бойынша сыйлықтармен марапатталды:

1. "Үздік әлеуметтік ролик" - 700 000 тенге;

2. "Үздік идея" - 400 000 тенге;

3. "Үздік режиссерлік жұмыс" - 300 000 тенге.

Екі 50 000 теңгелік ынталандыру сыйлығы.

Байқау жеңімпаздары әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес таңдалады, оның құрамына Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары - Адамов Берік, "Social Development Center" қоғамдық қорының атқарушы директоры - Қазтурғанов Біржан, конкурстың амбассадоры, мәслихат депутаты - Құдайберген Қайрат, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор - Құрманалиева Айнұр, сондай-ақ қазақстандық режиссер - Төлеуханов Мирас кірді.

Марапаттау рәсімінде қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, сонымен қатар конкурстың ең үздік жұмыстары көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны