12.12.2019, 14:21 27543

Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары пара алды деп күдіктелуде

Ол мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетуге жағдай жасағаны үшін заңды тұлғаның өкілінен "Range Rover" автокөлігінің 180 мың теңге тұратын қысқы шиналар жиынтығы түрінде пара алды деп күдіктелуде.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары пара алды деп күдіктелуде.

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған облыстың "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы директорының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетуге жағдай жасағаны үшін заңды тұлғаның өкілінен "Range Rover" автокөлігінің 180 мың теңге тұратын қысқы шиналар жиынтығы түрінде пара алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны