12.12.2019, 14:45 30075

Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция бөлімінің бастығы пара алған күдікті деп танылды

Ол азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрі қарай жалпы қамқорлық жасау үшін 1 млн теңге көлемде пара алды деп күдіктелуде.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция бөлімінің бастығы пара алған күдікті деп танылды.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция отрядының жедел әрекет ету бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрі қарай жалпы қамқорлық жасау үшін 1 млн теңге көлемде пара алды деп күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны