30.01.2020, 18:25 8318

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді

Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда - өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда - жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда - өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда - жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Видео: https://www.youtube.com/watch?v=NhE3rOrNO-I

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны