31.01.2020, 18:46 9372

Талдықорған қаласының жеке нотариусына сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі іс жүргізіле бастады

Қорғаушының қатысуымен және белсенді өкінуімен кінәсін мойындауға байланысты процессуалдық қамауға алу қолданылған жоқ.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талдықорған қаласының жеке нотариусына сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі іс жүргізе бастады.

Ол азаматтық іс бойынша оң шешім шығару үшін Талдықорған қалалық сотының судьяларына пара беру сылтауымен алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы 5 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп, азаматты пара беруге арандатуда күдікті де танылуда.

Қорғаушының қатысуымен және белсенді өкінуімен кінәсін мойындауға байланысты процессуалдық қамауға алу қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны