01.02.2020, 09:56 5248

Атырау шекара жасағы заңсыз балық аулаушылардың ізіне түсті

Мемлекетке келтірілген шығын сомасы 3 080 992,2 теңгені құрайды.

Алматы. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Атырау шекара жасағы "Евразия" шекара заставасының шекара наряды Пешной түбегі аумағында заңсыз балық аулаушылардың ізіне түсті. Заттарын тастап қашқан балық аулаушылардың орнынан мемлекеттік нөмірі жоқ 3 мотоциклге тиелген жалпы салмағы 298 кг, 127 дана асыл тұқымды балық табылды. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы 3 080 992,2 теңгені құрайды. Асыл тұқымды балықтар "Тілекші" ЖШС-не, мотоциклдерді ІІБ-не тапсыру жоспарлануда.

Орал шекара жасағының "Тасқала" шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға "Лада" а/м кетіп бара жатқан 1970 жылы туған РФ азаматын ұстады. Аталған азаматтың көлігінің жүксалғышын тексеру барысында "Dunston", "Goldenleaf", "Goldendeer" маркалы 590 пачка темекі өнімдері табылды. Ол аталған тауарды заңсыз алып өтпек болғаны белгілі болды. Тәркіленген заттар МКД-нің Тасқала аудандық маманына тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны