06.02.2020, 11:05 5035

"Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды

Ол "Қазпошта" АҚ филиалына жұмысқа орналастырғаны үшін бір азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп айыпталған.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры Б.Б.Пірәліге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

Ол "Қазпошта" АҚ филиалына жұмысқа орналастырғаны үшін бір азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп айыпталған.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Б.Б.Пірәлі қомақты мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 млн. 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны