Система Orphus

Алматы әуежайында еріктілер коронавирустың алдын алу бойынша 3 мыңнан астам жадынама таратты

08.02.2020, 15:07 2917

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әуежайында еріктілер коронавирустың алдын алу бойынша 3 мыңнан астам жадынама таратты.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз маслихатында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

Бүгінде Алматы қаласының әуежайында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штабтың шешімімен мамандар халықаралық рейстермен келетін азаматтарға тәулік бойы эпидемиологиялық бақылау жүргізіп келеді.

Мақсаты - коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды жедел анықтау, сондай-ақ қалаға келген барлық жолаушыларға инкубациялық кезеңде медициналық бақылау орнату. Ол үшін жолаушылар ұшақтың бортында байланыс деректері көрсетілген карантиндік деклорацияны толтырады. Бұдан кейін шекаралық бақылауда қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының көмегімен тепловизор бақылауынан өтіп, дене температурасының көрсеткішін көрсетеді.

"Алматы қаласының әуежайына 250 әуе рейстері келді. 29 науқас анықталып, жұқпалы аурулар емханасына жатқызылды. 24-і емделіп шықты. Коронавирустық инфекция тіркелген жоқ", - деп түсіндірді А. Молдағасымова.

Сондай-ақ, әуежай аумағындағы қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету нысандарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуы, медициналық бетперделердің және залалсыздандыру құралдарының болуы және оның қолданылуы бақылауға алынды.

"Бетперде кию тәртібінің бұзылуы анықталып, 15 кәсіпкерге ескерту хаттары берілді. Әуерейс жолаушыларына жадынама тарату бақылауға алынды. Сондай-ақ коронавирустық инфекция туралы және оған қарсы сақтық шаралардың мекеме ішіндегі теледидар арқылы бейнежазбалар мен мәтіндердің үздіксіз көрсетілуі бақылауға алынды. Бүгінгі таңда Алматы қаласы әуежайының ұшу залында жолаушыларға 3220 жадынама таратылды. Әр 15-20 минут сайын телеарналар мен радио арқылы сақтық шаралары трансляциясы берілуде", -деді А. Молдағасымова.

Айта кету керек, еріктілер ұйымдары да қолдау білдіріп, инфекцияның алдын-алу іс-шараларын жүзеге асыруда белсенділік танытты. Ақпараттық жадынама парақтарын таратты.

"Әуежайдың ұшу залында еріктілердің көмегімен 3 мыңнан астам жадынама таратылды", - деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

7 ақпандағы жағдай бойынша әлемде 30840 коронавирус жағдайы тіркелген. Оның 633-і өлімге (2,1%) душар болды. Негізінен ҚХР-да тіркелгені 30569 жағдай (99,1%). Инфекция таралуының бірлі-жарым жағдайлары әлемнің 27 елінде кездеседі.

Инфекцияның көбірек тараған жерлері - Жапония (45 оқиға), Сингапур (30 оқиға), Тайланд (25 оқиға), Гонконг (24 оқиға) және Оңтүстік Корея (23 оқиға).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны