11.02.2020, 23:33 2774

Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына шектеу қойылды

16 қаңтардан 1 қазанға дейін темір жолдардағы көпірдің тірек бөлігінің күрделі жөнделуіне байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына шектеу қойылды.

16 қаңтардан 1 қазанға дейін темір жолдардағы көпірдің тірек бөлігінің күрделі жөнделуіне байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қозғалыс шектеулеріне байланысты жолақтардың саны әр бағытта 4-тен 2-ге дейін азаяды.

Аталған учаскедегі жүктемені азайту үшін автобус маршруттарын қоспағанда, көпірден солға Ш.Уәлиханов көшесіне бұрылуға уақытша тыйым салынған. Сондай-ақ, шамадан тыс жүктемені алдын алу үшін жақын маңдағы қиылыстарда жанама шаралар өткізіледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлау қажеттігі ескертіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны