11.02.2020, 23:34 3889

Қазгидромет атмосфералық ауа сапасы бойынша интерактивті карталарды әзірледі

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның қоршаған ортасының жай-күйі туралы экологиялық ақпаратқа халықтың ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы атмосфералық ауа сапасы бойынша интерактивті карталарды әзірледі

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазгидромет" РМК Қазақстанның қоршаған ортасының жай-күйі туралы экологиялық ақпаратқа халықтың ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы атмосфералық ауа сапасы бойынша интерактивті карталарды әзірледі және 2020 жылы оның ақпараттық мазмұнын жақсарту үшін өзгерістер енгізді.

Атмосфералық ауаның сапасы бойынша интерактивті картада 45 елді мекеннің атмосфералық ауасындағы негізгі ластаушы заттардың концентрациясы: бекеттің жиынтығына байланысты шаң, PM 10, PM 2,5, азот диоксиді мен оксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді туралы нақты деректер бар ақпарат ұсынылған. Әр бекет бойынша "аңыз" ашылады, онда әр көрсеткіш бойынша нақты шоғыры, сондай-ақ ШРШ-дан (Шекті рұқсат етілген шоғыр) асып кетудің мөлшері көрсетілген. Ақпарат бір сағаттық интервалмен (84 автоматты станция бойынша) және тәулігіне үш рет 56 қол бекеттері бойынша жаңартылады.

2020 жылы атмосфералық ауаның ластануының түстік градациясы қайта жасалды, атап айтқанда, ең төменгі шекті деңгей ретінде бұрын 1 ШРШ қабылданды, қазіргі уақытта 1 ШРШ ластаушы заттардың шекті концентрациясы ретінде қабылданды, оның асып кетуі ластанудың қауіпті деңгейі ретінде белгіленеді.

Рұқсат етілген шоғырланудың бейімделген мәндеріне сүйене отырып, жаңа градация бүкіл әлемде қабылданған өлшемшарттарға сәйкес келетін ауаның ластануының нақты көрінісін көруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні интерактивті карта жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескере отырып аяқталды және 10 ақпаннан бастап қолжетімді болады. Алдағы уақытта картаны жақсарту бойынша ұсыныстар болған жағдайда, "Қазгидромет" РМК-ға ұсыныстар енгізуді сұраймыз.

Ұқсас өзгерістер "AirKZ" мобильді қосымшасында да енгізілетін болады. Қазіргі уақытта "AirKZ" мобильді қосымшасының дизайнын оңтайландыру және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде және жаңа нұсқасы наурыз айының басында күтілуде.

Интерактивті карта maps.hydromet.kz сілтемесі бойынша және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында қолжетімді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны