11.02.2020, 23:52 3778

Жамбыл облысында орналасқан Меркенің "Айша бибі авто" шекаралық өткізу пункітінде есірткі тасымалдаушы ұсталды

Оның оң аяғының орнында протез болатын. Алайда шекарашылардың есірткі іздеуге арнайы үйретілген "Рада" атанған иті әлгі мүгедек адамды "есірткі тасымалдаушы" ретінде меңзеді.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында орналасқан Меркенің "Айша бибі авто" шекаралық өткізу пункітінде есірткі тасымалдаушы ұсталды.

Біздің елден Қырғыз Республикасына қарай жаяулатып бет алған, жас мөлшері елуге жақындаған ер адамға айналасындағылар аяушылықпен қарағандығы байқалып тұрды. Оның оң аяғының орнында протез болатын. Алайда шекарашылардың есірткі іздеуге арнайы үйретілген "Рада" атанған иті әлгі мүгедек адамды "есірткі тасымалдаушы" ретінде меңзеді. Иттің қателесуі мүмкін емес еді. Шекара наряды күдіктіні арнайы бөлмеге алып барып, толық тексеру жүргізді. Күдік расталды. Оның протезі жәй ғана протез емес, арнайы дайындалған контейнер екендігі анықталды. Қазіргі уақытта оның ішінен табылған зат есірткі болуы мүмкін деген күдікпен сараптамадан өткізіліп жатыр. Көлемі мен түрі анықталу үстінде. Ұсталған азамат 47 жастағы қазақстандық екен, Жамбыл аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Жайық өзенінің бойын шолып жүрген шекарашылардың "Иса Батыр" катері мұз үстінен екі дана "Урал" мотоциклдерін тауып алды. Иелері заңсыз балық аулап жүріп аяқ астынан шыға келген катерді көре салып "табандарын жалтыратып" үлгерсе керек, екі момтоциклдің жүксалғыштары толы асыл тұқымды балық болып шықты. Жалпы салмағы 40 кг-ға жуық балықтың құны 120 000 теңгеден астам болуы мүмкін.

Табылған балық актіленіп теңіз өнімдерін өңдейтін "Тілекші" ЖШС-не тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны