17.02.2020, 18:17 4077

Степногорск қаласындағы түзеу мекеменің қызметкері сотталды

Оған 12 млн. теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Сондай-ақ, бұрынғы қызметкер "әділет майоры" арнайы атағынан айырылды.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Степногорск қаласындағы түзеу мекеменің қызметкері сотталды.

2019 жылдың қыркүйегінде Степногорск қ. прокуратурасына Степногорск қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірінің әкесі мекеме қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданды.

Арыз берушінің айтуы бойынша, 2019 жылдың шілдесінде ұлының өтініші бойынша оларға сотталғанды жалпы қамқорлығы мен ұстауға қолайлы жағдай жасау үшін азамат К.- ға арналған 400 мың теңге сомаға "QIWI" электрондық әмиянына ақшалай қаражат енгізілді.

Қала прокуратурасы осы фактілерді тексеруді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырды.

2020 жылдың 21 қаңтарында Степногорск қалалық соты азамат К. - ны Қылмыстық кодекстің 366-бабында көзделген - пара алу қылмыстық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 12 млн. теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Сондай-ақ, бұрынғы қызметкер "әділет майоры" арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Осылайша, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің заңсыз қызметі тоқтатылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны