18.02.2020, 23:22 8142

ҰҚК аймақтық есірткі арнасының жолын кесті

ҰҚК аймақтық есірткі арнасының жолын кесті

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен аймақтық есірткі арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатыс бар, Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолы кесілді.

Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді "гашиш" есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды.

2019 жылы 09 қазанда аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 кг гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды.

2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 т. 3б. бойынша кінәлі деп танылды және қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны