19.02.2020, 15:34 7457

Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта қандай жұмыстар атқаратынын айтты

Қарағанды. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының басшысы бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын жұмыс стратегиясын анықтады. Басты басымдық – қолжетімді, сапалы үйлер мен жолдар салу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз ету, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу.

Мысалы, облыста жолдар мен үйлердің құрылысы бойынша арнайы жол картасы әзірленді. Сондықтан да осы салалардағы жұмыс қарқынын еселеп арттыру жоспарда бар, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде.

Өңірде 1800 көп балалы отбасы пәтер алу кезегінде тұр. Жергілікті билік алдағы екі жылда олардың барлығын баспанамен қамту мақсатын қойып отыр.

- Мемлекет басшысы айтқандай, тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл әлеуметтік саясаттың басымдығы. Біздің тарапымыздан осы жылы тұрғын үй құрылысын облыс бойынша кемінде бір жарым есе және облыс орталығында екі есе ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Бізде екі жыл ішінде 1800 көпбалалы отбасын қамтамасыз етуге барлық мүмкіндіктер бар деп есептеймін, - деді облыс әкімі.

Елбасы 2030 жылға қарай бір адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуді 30 шаршы метрге дейін жеткізуді тапсырды, деп еске салды өңір басшысы. Облыста бұл көрсеткіш қазір 23 шаршы метрден асады.

Өткен жылы өңірде 421 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 1148 отбасы пәтер алды. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 226 отбасы қоныс тойын тойлады.

- 2020 жылы 5 600 отбасы қоныс тойын тойлауы үшін 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылуы тиіс. Бұл пәтерлердің жартысы әлеуметтік қорғалатын санаттарға арналған. Бұдан басқа, жетім балалар үшін кезек жылжуын жеделдетеміз. "Бұл мәселе біз үшін де басымдыққа ие", - деді Жеңіс Қасымбек.

Жаңа құрылыс сапасын бақылау күшейтіледі, деп атап өтті облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны