19.02.2020, 18:53 8223

Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 19 ақпандағы бұйрығымен Владимир Малахов Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 19 ақпандағы бұйрығымен Владимир Малахов Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Владимир Михайлович Малахов 1977 жылы Көкшетау қаласында туды. Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша және Атырау мұнай және газ университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған.

Осы уақытқа дейін Ақмола облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны