21.02.2020, 22:39 8621

Елордада "Ұмытылған ұлттық тағамдар" жобасы таныстырылды

Тек табақ тарту дәстүріміздің өзінде үлкен ғылымилық жатқанын айтып, бұл күнде кежім табақ, төре табақ, бас табақ, аяқ табақ, қос табақ, сый табақ сынды табақ тарту дәстүріміздің кейбір түрлері ұмытылып бара жатқанын жеткізді.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Елордада "Ұмытылған ұлттық тағамдар" жобасы таныстырылды.

Қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамдарын қайтадан жаңғырту мақсатында Достық үйінде "Рухани жаңғыру - ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бұл шараға білім саласының жетекшілері, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлікті дамыту палатасының өкілдері, жалпы білім беретін оқу орындарының директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басшылары, ұлттық тағамды зерттеушілер мен этнограф мамандар, мейрамхана ісінің мамандары, студенттер қатысты. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі және қалалық Білім басқармасына қарасты №28, 30, 55 жалпы білім беретін мектептері бірлесіп дайындап жатқан "Ұмытылған ұлттық тағамдар" жобасы таныстырылды. Басқосуда мамандар қазақтың ұмыт болған тағамдарының бірқатарын атап, оларды қайта жаңғыртудың қажеттілігіне тоқталды. Тек табақ тарту дәстүріміздің өзінде үлкен ғылымилық жатқанын айтып, бұл күнде кежім табақ, төре табақ, бас табақ, аяқ табақ, қос табақ, сый табақ сынды табақ тарту дәстүріміздің кейбір түрлері ұмытылып бара жатқанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны