01.03.2020, 21:46 5593

Ақмола облысы прокуроры тағайындалды

А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар.

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Бас Прокурордың бұйрығымен Ақмола облысы прокурорының болып аға әділет кеңесшісі Майлыбаев Айдос Серікханұлы тағайындалды.

А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар.

Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның Департамент бастығы болған.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен "Жауынгерлік ерлігі үшін" (2014ж.) медалімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны