Система Orphus

Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшылығы қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына барды

10.03.2020, 17:56 5320

Алматы. 10 наурыз. Kazakhstan Today - 8 наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшылығы қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына барды.

Көктемгі мереке қарсаңында Департамент бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі М. Алтаев пен Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Әмзеев 2009 жылы Алматы қаласында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан аға лейтенанты Тайыр Шералиевтың анасы Перизат Ерманқызымен кездесуге үйіне барды.

Қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасымен бірнеше жыл бойы достық және жылы қарым-қатынасты орнатып, көктем мерекесі қарсаңында оған жылу мен көктемгі көңіл-күйдің бір бөлігін сыйлады.

Полиция қызметкерлері Перизат Ерманқызына естелік сыйлық сыйлап, оның денсаулық жағдайын сұрап, амандық, рух сергектігін, мықты денсаулық және ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ Перизат Ерманқызы әрдайым көмекке және тәртіп сақшылары тарапынан кез-келген көмек көрсетуге сенім артатынын еске салды.

Өз кезегінде, ерлікпен қаза тапқан полицейдің анасы полицейлерге көңіл бөлгені, қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс айтты, Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны