11.03.2020, 15:51 3053

Өзен бассейндеріндегі гидрометеорологиялық жағдайлар туралы және 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы

Гидрометеорологиялық деректер негізінде СҚО, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны кезеңі көп болады деп күтілуде. ШҚО, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендерінде су тасқыны жауын-шашынға байланысты болады.

Алматы. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Өзен бассейндеріндегі гидрометеорологиялық жағдайлар туралы және 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Громов мәлімдеді.

Гидрометеорологиялық деректер негізінде СҚО, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны кезеңі көп болады деп күтілуде. ШҚО, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендерінде су тасқыны жауын-шашынға байланысты болады.

Апта сайынғы гидропрогнозға сәйкес ағымдағы жылдың 27 ақпаны мен 5 наурызы аралығында Қарағанды облысының өзен бассейндерінде ылғал қорының көлемі 15%- ға дейін, Қостанай және Ақтөбе облыстарында 5-45% - ға азайды. СҚО мен Ақмола облыстарында елеулі өзгерістер жоқ.

"Қазсушар" РМК филиалдары құрылыс және басқа да инертті материалдардың қажетті қорын, тиісті техника мен ЖЖМ дайындады. Қазіргі уақытта су шаруашылығы жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізілуде", - деді С. Громов.

Сондай-ақ, су тасқынының апатсыз өтуі мақсатында болжамды деректерге сәйкес су қоймаларының жұмыс кестесі су қоймаларындағы бос сыйымдылықтардың қажетті қорларын қосымша арттыру үшін түзетіледі. Бұл су тасқыны ағынының бір бөлігін шоғырландыруға және қарқынды су тасқыны кезінде реттеуіштермен маневр жасауға мүмкіндік береді.

Өткен жылдың күзінен бастап ГТҚ тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстардың барлық меншік иелеріне бассейндік инспекциялар су ағар суларды қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін қажетті іс-шараларды жүргізу туралы ұсыныстар жіберілді.

Бүгінгі таңда Экология министрлігі коммуналдық және жеке ҚТС бос сыйымдылықтарды ұлғайту, арналарды тазалау, инженерлік қорғауды жөндеу және тұрғызу бойынша бұған дейін берілген ұсынымдардың орындалуын бақылау бойынша көшпелі бақылау тексерулерін қосымша жүргізуде.

Анықтама. 2020 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша 5886 гидротехникалық құрылыс бар (республикалық меншікте - 4709, коммуналдық меншікте - 966, жеке меншікте - 201, иесіз жерлерде - 10). 463 ГТҚ жөндеуді қажет етеді , оның ішінде республикалық меншікте - 44, коммуналдық меншікте - 372, жеке меншікте - 40, иесіз жерлерде - 7.

"Жергілікті атқарушы органдар су қоймаларынан төгілетін су ағынын елді мекендерден бұру үшін өзен арналарының өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстарды жеделдетіп, күшейтуі қажет. Бос сыйымдылықтарды арттыру бойынша біз қабылдайтын шаралар арналарды тазарту кешенімен үйлескенде ғана тасқынның апатсыз өтуіне толыққанды нәтиже бере алады", - деп түйіндеді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны