13.03.2020, 20:25 4290

Қазақстандықтар ҰОС фотогалереясын құруға үлес қоса алады

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі Ұлы Отан соғысына қатысушылардың фотосуреттері мен майдан хаттарын жинауды жариялайды. Жиналған материалдар музейдің атриумында орналастырылатын "Ер есімі - Ел есінде" бірегей фотогалереясына кіреді.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар ҰОС фотогалереясын құруға үлес қоса алады.

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі Ұлы Отан соғысына қатысушылардың фотосуреттері мен майдан хаттарын жинауды жариялайды. Жиналған материалдар музейдің атриумында орналастырылатын "Ер есімі - Ел есінде" бірегей фотогалереясына кіреді.

Жобаға қатысу үшін әрбір қазақстандық үй мұрағаттарынан Ұлы Отан соғысының фотосуреттері мен оқиғаларымен бөлісе алады. Іс жүзінде әрбір қазақстандық отбасының Ұлы Жеңіске қатысты өз тарихы бар. Алайда олардың жауынгерлік ерліктері, жараланған, тұтқындалған не болмаса хабар-ошарсыз кеткендер туралы мәліметтері, тағдырлары соғыспен қатар келген адамдар туралы мәліметтер әлі де көптеген қазақстандықтар үшін белгісіз.

Аталмыш жоба Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтау және тарихи маңыздылығын ұштастыру, сонымен қатар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай отандастарды біріктіруге арналып отыр.

Материалдарда келесі мәліметтер болуы керек (егер белгілі болса): әскери атағы, Т.А.Ә., туған күні мен туған жері, қашан және қандай әскери комиссариаттан шақырылған, қолда бар наградалары, фотосуреттері.

Материалдарды мына электронды поштаға жіберуге: [email protected] немесе 010000, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі мекен-жайына жіберу қажет. Қосымша сұрақтарды мына байланыс телефонынан білуге болады : + 7 (7172)44-26-13.

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің іздестіру-экспедициялық бөлімшесі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу және есепке алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізетінін атап өткен жөн. Бұдан басқа, қазақстандық жауынгерлердің ақпараттық деректері бірыңғай базаға жинақталып, жүйеленеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны