19.03.2020, 19:31 65757

#Бізбіргеміз челленджі: Елорда тұрғындарын Наурыз мерекесін үйде қарсы алуға шақырамыз

Осылайша, Құралай Ошақбаева тұрғындарды Наурыз мейрамын үйде қарсы алуға шақырып, оны желіге #Бізбіргеміз #Жанұямызбенбірге хэштегімен орналастыруға шақырды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Психолог, миллионнан астам аудиторияның коуч-жаттықтырушысы Құралай Ошақбаева қазақстандықтарды Наурызды үйде тойлауға шақырды. Ол өз отандастарына арнаған сөзінде елдегі коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты қазіргі жағдайда Наурыз мейрамында тек дәрігерлердің нұсқауы мен қауіпсіздік ережелеріне қайшы келмейтін мерекелік рәсімдер мен әдет-ғұрыптарды сақтау керек екеендігін атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құралай Ошақбаева келе жатқан мереке Қазақстан халқы үшін өте маңызды екенін және табиғаттың оянуының, махаббаттың, достықтың салтанат құрудың нышаны екенін айтты.

"Наурыз - көктемнің тууы" дегенді білдіреді. Бұл ежелгі шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі. Оның тағы бір атауы бар: Ұлыстың ұлы күні ("Жаңа жылдың алғашқы күні"). Наурыз мейрамын тойлау үйге жыл бойына береке мен сәттілік әкеледі деп сенеміз. Оның келуіне дейін біз үйлерімізді ретке келтіріп, мерекеге орай ағаштар мен гүлдер отырғызамыз. Егер Наурыз таза үйге жақсы адамға келсе, онда ауру, сәтсіздік, қолайсыздық оны айналып өтеді. Алайда, Қазақстанда және әлемде коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдай көктемгі жаңару күнін тойлау үшін әдеттегі форматқа бірқатар өзгертулер енгізуде. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта, белгілі себептерге байланысты, қонақтарды қабылдаудан және жаппай мерекелік шараларды өткізуден бас тарту керек. Физикалық байланыстарды азайтып, құттықтаулар мен тілектерді телефонмен білдірген жөн. Құрметті қазақстандықтар, бұл біздің сүйікті мерекемізді елемеуді білдірмейді! Наурыздың дәстүрлі түрде тойлану тәсілін өз қауіпсіздігіміз үшін сәл өзгерту керек. Мен барлық отандастарға #Бізбіргеміз "Наурызды үйде тойла" деген челленджді жолдаймын", - деді ол.

Осылайша, Құралай Ошақбаева тұрғындарды Наурыз мейрамын үйде қарсы алуға шақырып, оны желіге #Бізбіргеміз #Жанұямызбенбірге хэштегімен орналастыруға шақырды.

Аталған акция елордалық "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны