Система Orphus

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды

26.03.2020, 14:40 11692

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Б. Үмбетке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады.

Ол коммерциялық семинар өткізуге "Шымкент Цирк" МҚК залын жалға алуда цирк кассасына іс жүзінде қаражат төлеместен, қосымша уақыт бөлуге жәрдемдескені үшін кәсіпорын өкілінен 300 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған.

А.ж. 19 наурызда Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының үкімімен Үмбет 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны