Система Orphus

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту саны өсуде

02.04.2020, 12:55 3565

Алматы.2 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту саны өсуде.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертулерге қарамастан, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілері төтенше жағдай кезінде талаптар мен шектеулерді бұзу фактілері шығып жатыр.

Бүгінгі таңда облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 163 әкімшілік материал қозғалған, оның ішінде 130 іс бойынша 67 айыппұл түріндегі жаза қолданылған, 62 тұлға қамауға алынған, 1 ескерту жасалған.

Атап айтқанда, "Волна" дүкенінің (Қарағанды қ.) сатушысы жұмыс орнында маскасыз болғаны үшін объектінің иесі 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, Жезқазғанда дезинфекциялық кілемнің болмауы фактісі бойынша "Sulpak" дүкені филиалының директоры 2 тәулікке қамауға алынды.Барлық мүдделі органдардың ішінен құрылған мобильді топтар ТЖ режимін бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыратын болады, талаптарды бұзған тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады.Кісіпкерлерді және азаматтарды барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға және ТЖ режимін сақтауға тағы да шақырамыз, деп хабарлайды Қарағанды облысының прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны