20.04.2020, 18:46 7933

Аптаның соңына қарай Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжануда

Синоптикалық болжамға сәйкес, апта бойы Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігінде ауа райын кезекті Атлантикалық циклон анықтайтын болады, ауа райының тұрақсыздығы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, шаңды дауыл, желдің күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарда тұман байқалады.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 10-17 сәуір аралығында NASA спутниктерінің жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ), "Қазгидромет" РМК өңделген суреттері бойынша Қазақстан аумағының қар жамылу алаңы 6%-ға қысқарған және 2020 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша 3%-ды құрайды.

Сондай-ақ, Ақмола облысының өзен бассейндерінде және Қостанай облысының өзен бассейндерінде топырақтың қату тереңдігі 13-21 см-ге азайған, ал Солтүстік Қазақстан облысының өзен бассейндерінде топырақтың қату тереңдігі нөлге тең (еріп кетті). Республиканың жазық аумағында жердегі ылғал қоры жоқ.

Синоптикалық болжамға сәйкес, апта бойы Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігінде ауа райын кезекті Атлантикалық циклон анықтайтын болады, ауа райының тұрақсыздығы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, шаңды дауыл, желдің күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарда тұман байқалады. Аптаның соңына қарай Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжануда.

Еліміз бойынша ауа температурасының көтерілуі жалғасуда, тек аптаның соңында ғана республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Қарағанды облыстарында көктемгі су тасу шыңы өтті, өзендерде су деңгейінің шамалы ауытқуы күтілуде.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жазық және тау бөктеріндегі аумақтарда (1000 м биіктікке дейін) қар жамылғысы еріді, ал Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде қар жамылу алаңы 17%-ды құрайды.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасу кезеңі мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны