23.04.2020, 15:13 10938

Теміртауда жаңа емхана ашылады

Теміртау. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Теміртау қаласында жаңа медициналық нысан пайда болды. Елбасының тапсырмасы бойынша "АрселорМиттал Теміртау" АҚ емхана салды. Алғашқы пациенттерді мекеме мамыр айында қабылдауға дайын. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек медиктер қандай жағдайда жұмыс істеп, теміртаулықтарды емдейтінін біліп қайтты.

- Емхананы қолданысқа беру ғана қалды. Медициналық жабдықтар орнатылды. Қазір жиһаз жеткізіледі, - деді АМТ атқарушы директоры Вадим Басин.

Жаңа емхана тұрғын үй массивінде орналасқан. Бұған дейін адамдар дәрігерлердің қабылдауына бару үшін бірнеше шақырым жүруге мәжбүр болатын. Мекемеге 20 мың адамға дейін тіркеле алады.

Емхананың жанынан тағы бір нысан – дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Ғимарат сырты дайын, ішкі жұмыстарды аяқталуға жақын.

Жеңіс Қасымбекті жаңа ғимараттардың жанындағы аумақты абаттандыру мәселесі қызықтырды.

- Асфальттаңыздар. Жаяу жүргіншілер жолын жасаңыздар, тұрақ жабдықтау мәселесін ойластырыңыздар. Айналасын да қараңыздар, адамдардың жүруі ыңғайлы болуы үшін жағдай жасаңыздар, - деді ол.

Облыс әкіміне жоба бойынша екі нысанның да аумағын абаттандыру қарастырылғанын және жұмыстар маусым айында аяқталуы тиіс екенін айтып сендірді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны