08.05.2020, 16:01 7632

Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады

Жүлдегерлер мамыр айының 6 жұлдызында YouTube-те өткен онлайн-көрсетілім барысында анықталды.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады.

Жыл сайын кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады. Жүлдегерлер мамыр айының 6 жұлдызында YouTube-те өткен онлайн-көрсетілім барысында анықталды. COVID-19 эпидемиясының орын алу жағдайына байланысты, жүлдегелерді салтанатты түрде марапаттау кешін осындай форматта өткізуге тура келді. "Сыншылар таңдауы" мүсіндері әр жеңімпазға арнайы жеткізіліп, жеке табысталатын болады.

"Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің жүлдегерлері:

Үздік драмалық фильм - "Қап-қара адам" (прод. А.Сатаев, Э.Курмашев, С.Абишев, О.Хлащева)

Үздік жанрлық фильм - "OFF-LINE демалыс" (Э.Курмашев, С.Абишев)

Үздік режиссер - Әділхан Ержанов ("Қап-қара адам")

Үздік сценарий - Фархат Шәріпов ("Тұлғалық өсу тренингі")

Үздік қоюшы-оператор - Айдар Шәріпов ("Қап-қара адам")

Үздік қоюшы-суретші - Куат Тілеубаев ("Томирис")

Үздік ер адам бейнесі - Данияр Алшынов ("Қап-қара адам")

Үздік әйел бейнесі - Динара Бақтыбаева ("Қап-қара адам")

Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі - Ержан Түсіпов ("Тұлғалық өсу тренингі")

Екінші пландағы үздік әйел бейнесі - Дильназ Нұрсейіт ("Композитор")

Үздік композитор - Илья Одегов Эмиль Досов ("Тұлғалық өсу тренингі")

Үздік ән - Данэлия Төлешова & AlvinToday - "Каникулы off-line" ("Off-line демалыс")

Үздік дебют - Шәрипа Оразбаева ("Мариям")

Естеріңізге сала кетейік, өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы жыл сайын отандық кино саласындағы үздіктерді анықтап, "Сыншылар таңдауы" жүлдесін табыстайды. Киносыншылар қауымдастығы биыл жаңа мүшелермен толықты. Олар: Өнертану докторы Молдияр Ергебеков, кинотанушы, киносыншы Дана Әмірбекова және кинотанушы, Baiqonyr International Short Film Festival кинофестивалінің программалық директоры Ержан Жұмабеков. Сондай-ақ, Қазақстан Киносыншылар қауымдастығына отандық белгілі кинотанушылар мен кинозерттеуші мамандар мүшелік етеді. Атап айтсақ, олар: Олег Борецкий, Төлеген Байтөкенов, Кәрим Қадырбаев, Баубек Нөгербек, Назира Мұкышева, Гульажар Машрапова, Ғалия Байжанова, Дмитрий Мостовой, Инна Смаилова, Ольга Малышева, Мади Мамбетов және Александра Поршнева . Қазақстан Киносыншылар қауымдастығының президенті - Гүлнара Әбікеева. Қазақстан Киносыншылар қауымдастығының құрамы 16 кәсіби білікті мамандардан тұрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны