28.05.2020, 15:55 7457

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің аға жедел уәкілі пара алды деп күдіктелуде

Ол 2020 жылғы 16 мамырда сенім берілген тұлға арқылы жеке кәсіпкерден оны жалған акциздік маркаларды қолданғаны және сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің аға жедел уәкілі пара алды деп күдіктелуде.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қаланың Экономикалық тергеу департаментінің жедел бөлімінің аға жедел уәкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол 2020 жылғы 16 мамырда сенім берілген тұлға арқылы жеке кәсіпкерден оны жалған акциздік маркаларды қолданғаны және сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны