28.05.2020, 15:56 9496

Түркістан облысы Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері параға атаулы әлеуметтік көмек көрсетті деп күдіктелуде

Ол атаулы әлеуметтік көмек ретінде бөлінген қаражатты жедел тағайындау және аудару үшін 40 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері параға атаулы әлеуметтік көмек көрсетті деп күдіктелуде.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Келес ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол атаулы әлеуметтік көмек ретінде бөлінген қаражатты жедел тағайындау және аудару үшін 40 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Жеделдетілген сот ісін жүргізуге арналған өтінішке байланысты процессуалдық қамауға алу қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны