04.06.2020, 13:36 7726

ҚР азаматтығы жоқ адам жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн режимде ала алады

Сұрау салусәтті өңделген кезде пайдаланушының жеке кабинетіне "Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама" түседі, оны шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезінде ұсына алады.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan Today - Көрсетілетін қызмет пайдаланушыға "Электрондық үкімет" порталы арқылы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беруге немесе оныұзартуғаэлектрондық өтініш жіберуге мүмкіндік береді.

"Қызметті іске асыру кезінде біз барынша процесті жеңілдетуге және қызмет көрсету мерзімін қысқартуға тырыстық. Егер бұрын шетелдікке немесе апатридке осындай анықтаманы алу үшін ХҚКО-ға немесе Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігіне барып, 25 күн күту керек болса, қазір оны онлайн өтінімді рәсімдеп, 10 күн ішінде алуға болады", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Көрсетілетін қызметті алу үшін азаматтығы жоқ жеке тұлға немесе шетел азаматы eGov.kz порталында "Өз бетінше жұмысқа орналасуыүшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі Порталда авторизацияданөтіп және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту қажет.

Содан кейін қызметті алушы міндетті алаңдарды толтырады және білім, еңбек қызметі туралы құжаттар мен жеке басын куәландыратын құжаттың сканерден өткізілген көшірмесін қоса тіркей отырып, сұрау салуға ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) арқылынемесе пайдаланушының абоненттік нөмірін МАБ-да (Мобильді азаматтар базасында) тіркеген жағдайда бір рет қолданылатын смс пароль арқылы қол қоюы тиіс.

Сұрау салусәтті өңделген кезде пайдаланушының жеке кабинетіне "Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама" түседі, оны шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезінде ұсына алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны