05.06.2020, 13:57 11823

Нұр Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алу күдігі бойынша қамауға алынды

Ол "Наурыз мейрамы-2020" мерекесін тойлауға орай жалпы сомасы 195 миллион теңгеге іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарт бойынша қамқорлық көрсету үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алуда күдікке ілінді.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Нұр Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алу күдігі бойынша қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол "Наурыз мейрамы-2020" мерекесін тойлауға орай жалпы сомасы 195 миллион теңгеге іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарт бойынша қамқорлық көрсету үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алуда күдікке ілінді.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны