05.06.2020, 13:59 11796

Шымкент қаласындағы бір орта мектептің директоры пара алуда күдікке ілінді

Ол 2020 жылғы 27 мамырда аталған мектептің әлеуметтанушысынан еңбекақысы төленбейтін демалысқа жібермеу және жалақысын аудару үшін 40 000 теңге алуда күдікті болды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Шымкент қаласындағы бір орта мектептің директоры пара алуда күдікке ілінді.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша Шымкент қаласының бір орта мектебінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол 2020 жылғы 27 мамырда аталған мектептің әлеуметтанушысынан еңбекақысы төленбейтін демалысқа жібермеу және жалақысын аудару үшін 40 000 теңге алуда күдікті болды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы аясында өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны