11.06.2020, 22:54 6970

Елбасы Кітапханасы мен Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Құжатқа Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры Әмірхан Рахымжанов қол қойды.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасы мен Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстандық жастарды әскери-патриоттық тәрбие беру мен қолдау ісіндегі бұл маңызды қадам жаңа деңгейде жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихын зерделеу жөніндегі бірлескен мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Құжатқа Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің директоры Әмірхан Рахымжанов қол қойды.

"Тұңғыш Президенттің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудағы тарихи рөлі, мемлекетіміздің басқа да саласынан қарағанда зор. Ол әскери саладағы ең күрделі міндеттерін шешуге қатысты. Оның басшылығымен аз уақыт ішінде кез келген жағдайда іс-қимыл жасауға дайындалған шағын заманауи армия құру бойынша орасан зор жұмыс атқарылған", - деді министр өз сөзінде.

Қорғаныс министрі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасымен ынтымақтастық, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің сапасын арттыруға ықпал ететініне және еліміздің Қарулы Күштері үшін кадрлар даярлаудың сапасына оң әсер ететініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Әмірхан Рахымжанов бұрындары қол жеткізілген Ұлттық қорғаныс университетімен ынтымақтастық аясындағы нәтижелерді атап өтті. Төрт жыл ішінде 200-ден астам тыңдаушы Елбасының кітапханасының қызметкерлері мен ғалымдары әзірлеген сертификатталған семинар-тренингтерге қатысқан.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны